Abstract:
ХІХ ғасырдың көрнекті суырып-салма ақыны Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен қызметі
суреттелген. Өзінің эпостық-поэзиялық шығармаларында патшалы Ресейге қарсы 1837–1847 жылдары
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының маңызы мен қажеттілігі дəйектілікпен
пайымдалған. Нысанбай жырау қазақтардың соңғы ханы Кенесарының барлық ерліктерін жырлап
қана қоймай, сондай-ақ оның батырдың бастауымен жүргізілген барлық ұрыстар мен басты
шайқастардың тікелей қатысушысы болғаны да дəріптеліп көрсетілген. Ал бұл оның «Кенесары-
Наурызбай» поэмасында келтірілген барлық деректердің құндылығы мен шынайылығын арттырып
əспеттейтіндігі туралы қорытынды жасалған. Соңғы жылдары қазақ халқының осынау даңқты
ұлының есімін мəңгілік ететін ескерткіш орнату үшін Нысанбай жыраудың мүрдесінің жерленген
орнын дəл анықтау бағытында жүргізілген іс-шаралардың маңызы ашылған.