Abstract:
Тілді адаммен, оның санасымен, ойлау жүйесімен жəне халықтың рухани əлемімен байланыста зерделеу – қазіргі тілтанымдағы басым бағыт. Халық тұрмысында ерте кезден қолданыс тапқан өсімдіктер, олардың пайдалы қасиеттері жөніндегі мəліметтер тілдік бірліктер ретінде таңбаланып, паремиологиялық қорға еніп, адамзат танымында маңызды орын алып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Халқымыздың тілдік санасында мақал-мəтелдер, тұрақты тіркестер мен теңеулер, тыйым сөздер, тағы басқа арқылы көрініс тапқан. Мақала фитонимдердің қатысуымен жасалған тілдік бірліктерді теолингвистикалық қырынан зерттеуге арналған. Авторлар аталмыш тұрақты тілдік бірліктердің семиологиялық мəнін тарихи жазба ескерткіштер материалдары негізінде қарастырған. Фитонимдік тілдік бірліктердің таңбалық сипатын халқымыздың дəстүр-салттарымен, ырым-
тыйымдарымен, діни танымымен байланыстыра зерттеу жүргізу арқылы тіл мен таным сабақтастығын ашудағы қызметін анықтайды.