Abstract:
Мақалада түркі тілдеріндегі есімдіктерге тарихи-салыстырмалы талдау жасалып, əрбір тілдің өзіндік ерекшеліктері көне жазба ескерткіштері материалдары арқылы салыстырылды. Септеу жүйесіне байланысты ұқсастық пен айырмашылықтар жеке септіктермен қатар, ерекшелік ретінде көрінетін ілік, барыс, табыс септіктердегі тəуелді септеуге тəн өзгешеліктер сараланды жəне аталған мəселенің түркі тілдеріндегі қалыптасу, даму тарихы қарастырылды. Есімдіктердің түркі тілдеріндегі ортақтықтары мен өзгешеліктері көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қалыптасуы мен тарихи дамуы
арқылы салыстырылды.