Abstract:
Мақалада ХІ ғасырдың философы, ақыны, ағартушысы Жүсіп Хас Хаджыб Баласағұнның өмірі мен
қызметі қарастырылған. Əсіресе оның «Құтты білік» атты философиялық еңбегінің мазмұны мен
маңызы толық ашылған. Бұл əйгілі философиялық еңбек сол кездегі барлық дерлік ғылым
салаларының: философиялық, поэзиялық, құқықтық, экономикалық, этикалық, тарихтық,
педагогикалық жетістіктерін жалпылайтындығы дəлелденген. «Құтты білік» Шығыс елдері
тарихындағы түрік тілінде жазылған тұңғыш философиялық жəне əдеби трактат болып
табылатындығы дəлелденген. Аталған еңбектегі көптеген ғылыми қағидалар жəне философиялық
тосқаулар қазіргі кезге дейін өз өзектілігін жоғалтпайтындығы айтылған.