Abstract:
Мақала заманауи интеграциялық процестегі діннің əлеуметтік-философиялық функциясына арналған.
Жаһандық интеграция, заманауи технологиялардың дамуы, адамзаттың дүниетанымдық
ұстанымдарының өзгеруі діннің қоғамда алатын орнын тұрақсыз етті. Дін ұзақ уақыт бойы танымдық
қызметті атқарып келді. Сондықтан адамзат үшін ерекше мəнге ие болған. Бірақ болмыстың
аксиологилық мəні күйзелістік жағдайда болғандықтан, дінге деген сенім күрт төмендеп кетті. Рухани
құндылықтардың құлдырауы адамзаттың ішкі рухани дүниесінің құнсыздануына алып келді. Қоғамда
секуляризациялық процесс басталды. Секуляризация діни-экстремистік ағымдардың қайнар көзі деген
пікір айтыла бастады. Мақала авторы тек бір ғана фактор екенін баса айта отырып, басқа да
себептерін жан-жақты қарастырды. Террористік ұйымдар көздеген мақсаттарына жету жолында
экстремистік көзқарастардың кеңінен таралуына барлық жағдай жасайды. Рухани күйзеліске тап
болған қоғамда бұл процесс тез орынын табады. Сол себепті осы феноменмен күресу жолдары да
талқыланады. Əлемде болып жатқан интеграциялық процестер еліміздің барлық салаларын қамтып
отыр. Соның ішінде дінге де қатысты интеграциялық процестер бар. Қоғамда дінге деген жаңа
көзқарас жаңа құндылықтарды тудырады. Діни нормаларды сакралдандыру тұлғаға да əсер етеді.
Мақалада заманауи қоғамның рухани өмірінің айырықша ерекшелігі дүниеге деген көзқарастық
плюрализм туралы айтылды. Діни плюрализм интеграция процесінде жиі кездесетін құбылыс. Осыған
орай, монистік немесе дуалистік көзқарасқа қарағанда, плюралистік көзқарас ақиқатқа жақын.