Abstract:
Мақалада коммуникативті құзыреттілік түсінік тəжірибесі заманауи педагогикалық ғылым мен практиканың ұғымы ретінде ұсынылды. Педагогтың коммуникативті құзыреттілігі анықтамасы психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдау негізінде берілді. Заманауи педагогтардың кəсіби коммуникативті құзыреттілігі, оның құрылымы жəне түрлері қарастырылды. Авторлар «қарым-қатынас», «коммуникативті құзыреттілік» ұғымын əр қилы авторлардың көзқарастарымен салыстыра жан-жақты талдаулар жасаған. Коммуникативті компетенттіліктің мəнін түсіну тұрғысынан талдай отырып, коммуникативті компетенттілік құрылымының компоненттерімен өзара байланысын ашып көрсеткен. Коммуникативті қарым-қатынас қызметтері мен қарым-қатынастың коммуникативті байланысын айқындап сипаттаған.