Abstract:
Мақалада профессор Ж.А.Караев ұсынған үшөлшемді əдістемелік жүйенің педагогикалық
технологиясы негізінде жоғары оқу орындарындағы студенттерге арналған физикадан деңгейлік
тапсырмалар жүйесін құру мəселелері қарастырылған. Деңгейлік тапсырмалар жүйесінің мазмұны
Б.С.Блумның мақсаттар таксономиясы негізінде құрылып, білімді игеру төменгі деңгейден жоғары
қарай бағытталған траектория бойынша ұйымдастыру көзделген. Мұндай оқыту нəтижесінде дамыта
оқыту жүзеге асырылып, іскерлік, түрткі, белсенділік, білім сапасы қамтамасыз етілді. Жоғары оқу
орындарындағы оқыту үрдісін технологияландыруға сəйкес оқытуды ұйымдастырудың жаңа əдіс-
тəсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға, студенттерді танымдық іс-əрекетке ынталандыруға,
олардың белсенділігін арттыруға, берілген оқу материалын толық меңгеруге, рефлексивті басқаруға,
сонымен қатар оқу процесін педагогикалық технология негізінде жобалауға қолжеткізуге болатын
мүмкіндік бағытына назар аударылған.