Abstract:
Мақалада А.Данашеваның еңбегі негізге алынды. Өз зерттеуінде авторлар заттық-дамытушы ортаның баланың дамуына тиімді ықпалымен қатар, орта арқылы баланы əлеуметтендіру үрдісін де қарастырған. Заттық-дамытушы ортаның барлық компоненттері мазмұны, көлемі, көркемдік шешімі бойынша өзара байланысты. Балабақшаның заттық-дамытушы ортасына түрлі заттарды, əлеуметтік
шынайы объектілерді қосуға болады. Мұндай орта балаларға өте қажет, өйткені бəрінен бұрын оларға ақпараттық қызмет атқарады — қоршаған ортадағы əрбір зат белгілі мəліметтерді береді, əлеуметтік тəжірибені берудің құралы болып табылады.