Abstract:
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қазіргі заманғы фосфорорганикалық қосылыстар химиясының мектебі өзінің шекарасын кеңейтіп, классикалық іргелі зерттеулердің дəстүрін сақтап отырған ұрпақтарының жұмысында өз дамуын тауып отыр. Олар сонымен қатар алынған ғылыми нəтижелерді адам іскерлігінің əр саласында қолдануды іздестірумен айналысады. Тəжірибелік қолданудың үлкен мүмкiндiктерi фосфорорганикалық қосылыстар химиясының қарқынды дамуына əкелді. Бұрын белгiлi жəне қайта ашылған синтетикалық əдiстердің көмегiмен фосфордың көптеген жаңа органикалық туындылары алынып, фосфорорганикалық қосылыстардың əр түрлi класының реакциялық қабiлеттiлiгiнің сұрақтары терең зерттеліп, бұл қосылыстардың құрылымы мен олардың реакция механизмдері саласында қызықты нəтижелер алынды.
Modern School of the Organophosphorous Compounds Chemistry at the KSU named after E.A. Buketov expanded its borders. It has been further developed by its followers, who invariably keep the classical tradition of basic research. They also seek for the application of scientific results for use in various fields of human activity. Great possibilities of practical use have led to the rapid development of the Organophosphorous Compounds Chemistry. There were obtained a large number of new organic phosphorus-containing derivatives with the previously known and newly discovered synthetic methods. Questions of reactivity of different classes of organophosphorous compounds were widely studied. There were obtained interesting results on the structure of these compounds and the mechanisms of their reactions.