Abstract:
Мақалада қыналардың тіршілік формалары, тіршілік субстраттарына қарай, экологиялық факторлар жəне экологиялық топтарды жүйелеу бойынша экобиоморф топтары берілді. Осы еңбектерге сүйене отырып, Қарқаралы жəне Ақтоғай аудандарының қыналарының биологиялық жəне морфологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеу аймақтарының қына флорасы 7 қатарға, 31 тұқымдасқа, 92
туысқа біріктірілген 292 түрге тең екендігі белгілі болды. Зерттеу барысында қына синузияларының доминантты жəне содоминантты, сирек кездесетін жəне эндемді түрлері анықталды.