Abstract:
Мақалада қайтымды реакциялардың кинетикалық сипаттамаларын теориялық жолмен анықтау мақсатында əрекет жасалынды. Жұмыстың мақсаты — ізделінетін шамаларды есептеуге мүмкіндік беретін алгоритм алу. Реакцияның бастапқы жəне соңғы өнімдерінің ағымдық концентрацияларының өзгеру заңдылығы квадраттық параболаның теңдеуімен аппроксимацияланды. Өрнектерге уақыт факторы енгізілді. Уақыт бірлігі ішінде түзілген жəне шығындалынатын молекулалардың саны бірдей болғандықтан, реакция жылдамдығы үшін оның дəстүрлі өрнегі пайдаланылды. Есептеу жүйесіне уақыт факторын тікелей енгізу тура жəне кері реакциялардың жылдамдықтарының тұрақтыларын есептеп шығаруға мүмкіндік берді. Бұл жағдай дəл осы күйінде кинетикаға арналған классикалық ғылыми əдебиеттерде кездеспейді. Өрнектерді пайдалану үлгісі ретінде бір мысал келтірілді.
Theoretical approach of reversible reaction kinetic parameters calculation was undertaken in the article. The aim of the work is obtaining algorithm making possible to calculate values required. The regularity of change of current concentrations of the reaction reagents was approximated by the quadratic parabola. Time factor was introduced to the calculating system. Because of the equality of the numbers of disappeared (as a result of direct reaction) and appeared (as a result of reverse reaction) molecules of reagents traditional ratio of rate was used. Introduction of the factor of time has given an opportunity to calculate the constant of direct and reverse reactions. This circumstance in described here type is not seen in scientific literature, which is devoted to the problems of chemical kinetics. As a sample the example is given.