Abstract:
Көмір қабаттарын жер асты газдандырудың шикізат базасын кеңейтуге әкелетін жаңа технологиялық
элементтерге сипаттама берілген. «Көмірді жер асты газдандыру (КЖАГ) — Жылу электр станциясы
(ЖЭС)» кешенді электроэнергетикалық кәсіпорындар жобаларын тәжірибе жүзінде жүзеге асыру
мүмкіндіктері қарастырылған. Көмірді ішкіциклдық газдандырудың ерекшеліктері мен артықшылық-
тары келтірілген. Электр энергиясымен қатар көмірді ұқсатудың пиролиз және басқа да жолдары
арқылы әр түрлі өнімдер алуға мүмкіндік беретін көмірді кешенді пайдалануға негізделген
энергетикалық кәсіпорындарға көшуді білдіретін «Болашақты көру–21» бағдарламасының міндеттері
көрсетілген. «КЖАГ — метан» симбиозды технологиясының артықшылықтары жалпыланған. Көмірді
электр энергетикасында пайдаланудың жаңа ғылыми-техникалық бағыты ретіндегі «аса таза көмірлі-
сутегілі энергетиканы» жасау қажеттілігі негізделген. Газдандырудың жаңа үдерісі ретіндегі қабатты
газдандыруға көңіл бөлінген.