Abstract:
Мақалада Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы солтүстік және орталық бөліктерінен аулап
алынған балықтардың бұлшық ет ұлпаларын хлорорганикалық пестицид құрамына газдысұйық
хроматография әдісі арқылы жүргізілген аналитикалық зерттеу жұмыстарының үш жылдық
нәтижелері көрсетілді. Зерттелетін нұсқалардың кейбір бөлігінде α, β, γ-гексахлорциклогексан
изомерлерінің жалпы құрамы бойынша және ДДТ-ң жалпы құрамы мен теңіз балығында оның
метаболиттерінің шектен тыс екені анықталды. Каспий ихтиофауна өкілдерінің бұлшық ет
ұлпаларында хлорорганикалық пестицидтердің шоғырлану белсенділігі байқалды. Каспий теңізіндегі экожүйенің хлорорганикалық пестицидтермен ластануында тұқы (Cyprinidae) тұқымдасы аккумуляциялық биоиндикатор ретінде болашағы зор екені айқындалды.