Abstract:
Есептерді шартты түрде шығару тəсілін субъектіге жақсы белгілі стандартты жəне стандартты емес деп бөлуге болады. Стандартты емес есептерді шешудің негізгі əдісі — оларды бір немесе бірнеше стандартты есептерге түрлендіру. Алайда оған жету аса күрделі əдіс. Стандартты емес есептерді стандартты түрге түрлендірудің ізденіс əрекеттері бойынша ұйымдастырылған ұсыныстар эвристикалар, немесе эвристикалық тəсілдер, деп аталады. Барлық қалған алгоритмдерді алгоритмдік ұйғарымдар деп атаған дұрыс.