Abstract:
Мақалада есептерді шешуді қолдаудың саймандық құралдарының архитектурасына талдау
жүргізілген жəне үйренуші моделі құрылған. Оқыту процесін қолдаудың көптеген бағдарламалық
жүйелерінің бар болуына қарамастан, оларда есептерді шешу сынды базалық дағдыларды
қалыптастыруды қолдау жақтары назардан тыс қалған. Типтік есептерді шешуді оқытуды қолдауды
қамтамасыз ететін саймандық құралдарды құрудағы жандасуларды зерттеу мен құру жəне оларды
оқытуды қолдайтын басқа да жүйелерге интеграциялаудың маңызы зор. Ұсынылып отырған үйренуші
моделі динамикалық болып, үйренушінің білім деңгейін бейнелейді, сондай-ақ бірқатар пəндер үшін
адаптивтік оқыту жүйелерін құруда пайдалануға болады.