Abstract:
Мақалада Федоров, Самарқанд су қоймаларының қазіргі жағдайы, сапасы, су көрсеткіштері сипатталған. Антропогендік факторлардың қысымы нəтижесінде болатын су сапасы өзгерісіне талдаулар жасалған. Сонымен қатар тиімді биоиндикациялық əдістер берілген. Су экожүйесінің тірі ағзалары бойынша су сапасын бағалау жолдары қарастырылған. Ластаушылар классификациясы келтірілген, талданған. Судағы қоспалар жəне олар тудыратын аурулар көрсетілген. Су қоймаларының орналасу карталары берілген. Екі су қойманың көрсеткіштері салыстырмалы тұрғыда зерттелген.