Abstract:
Қарағанды облысында жүргізілген аймақтық зерттеулер қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығының төмендеуіне септігін тигізетіндігін анықтады. Осы жағдайларға байланысты соңғы кездері қоршаған орта объектілері мен биологиялық материалдарда ауыр металдардың қорлануына химиялық, физикалық бақылаулар жүргізу жəне донозологиялық анықтаулар əдістері қолданылуда. Теміртау қаласы аймағында ауыр металдардың қорлануына жүргізілген зерттеу жұмыстары анықтауға алынған барлық материалдардың құрамында химиялық элементтердің шектеуге рұқсат етілген концентрациядан бірнеше есе жоғары екендігін байқатты.