Abstract:
Мақалада Ақтау тауының 99 дəрілік жəне эфирмайлы өсімдіктеріне жүргізілген фенологиялық бақылауларының нəтижелері берілген. Ақтау тауының өсімдіктері ботаника-географиялық аудандастыру бойынша Орталық Қазақстан аймағының тарамдарының Қопал округіне жатады. Бірнеше жыл бойы дəрілік жəне эфирмайлы өсімдіктердің шикізатын жинаудың фазаларын белгілеу жергілікті климаттың ерекшеліктерін ескере отырып, Ақтау тауының дəрілік жəне эфирмайлы өсімдіктері үшін шикізат жинаудың оңтайлы мерзімін эксперименталды жолмен анықтауға мүмкіндік береді. Фенологиялық спектр бойынша берілгендер өсімдік қорын жинау күнтізбесін жəне дайындау мерзімін құруға мүмкіндік берді. Жұмыс нəтижелері табиғи популяцияның жоспарлы эксплуатациясын ұйымдастыру үшін
негізі болып табылады.