Abstract:
Алғаш рет Ca(AsO2)2 – Ca3(AsO4)2 – H2O жүйесінің 298,15 К жəне 101,3 кПа қысым жағдайындағы Eh–pH диаграммасы есептелді жəне тұрғызылды. Бұл диаграмма көмегімен күрделі өнімнің тотығу ретін, қатты, сұйық фаза мен басқа да əр түрлі қосылыстың тұрақтылық аймағы мен тепе-теңдік қатынасын жəне де үрдістің ықтималды бағытын жоғары дəлділікпен анықтап, Ca(AsO2)2 – Ca3(AsO4)2 –H2O жүйесіндегі тотығу – тотықсыздану үрдісінің тиімді жағдайларын болжауға болады