Abstract:
Мақалада сұйық кристалды заттардың физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін молекулалық
деңгейде түсіну мақсатында 1-фенил-3-феноксипропин молекуласының түрлі конфигурациялы
димерлерінің квантты-химиялық есептеулер нəтижелері келтірілді. Компьютерлік модельдеу үшін
GAUSSIAN 09 программасындағы тығыздық функционалы B3LYP əдісі мен 6–31G базисі
қолданылды. Нəтижесінде димерлердегі тежелген ішкі айналулар зерттеліп, потенциалдық энергия
беттері құрылды. Димердегі молекулалар үшін ішкі айналудың тиімді жəне тиімсіз жағдайлары
анықталды.