Abstract:
Мақалада «Нұрқазған» кенішінің аумағындағы жəне өңіріндегі экологиялық жағдайдың жануарлар
дүниесіне əсер етуін зерттеу жəне оны сақтау бойынша ұсыныстар жасау нəтижелері берілген.
Экологиялық саясаттың болмағандығынан республиканың үлкен аумағындағы көптеген табиғи
экожүйенің азғындануы, шөлдену үдерісінің күшеюіне, топырақ жабынның тозуына, флора мен
фаунаның жекеленген аймақтарының биоалуантүрлілігінің төмендеуіне əкеледі. Сондықтан бірнеше
жыл бойы жер қыртысын бұзып тасымалдау аудандарында, қосмекенділер мен бауырымен
жорғалаушылардың едəуір санының қысқаруын ескере отырып, сирек, жойылып бара жатқан жəне
«Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың түрлерінің ішінде 9 сүтқоректілердің жəне 6 құстардың
түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Көктем кезінде жануарлар дүниесінің өкілдеріне есеп жəне
систематикалық бақылаулар жүргізу қажет екендігі айтылған. Қазақстанның «Қызыл кітабына»
енгізілген фауна өкілдері мен жаппай фондық түрлерді бөліп алып, зерттеулер жүргізуге ерекше назар
аударылды. Жұмыс нəтижелері табиғи популяцияның жоспарлы түрде ұйымдастырылуы үшін негіз
болып табылады