Abstract:
Мақалада Балқаш қаласының жылу электр орталығының əрекеті нəтижесінде қоршаған ортаға
əсері
қарастырылды. Балқаш ЖЭО өндірістік алаңының территориясы металлургиялық кешен мен «Балқаштүстімет»
ӨБ өндірістік алаңдарына жақын болуын ескере отырып, Балқаш ЖЭО атмосфераны ластау денгейін орташа
жəне қауіптілігі төмен деп есептеуге болады. Ластағыш заттардың 3 классқа жататын уытты
қалдықтардың негізгі массасы топырақ жамылғысының қосымша техногендік екіншілік ластауына əкеп
соғады.Балқаш қаласының топырағының қорғасын жəне мырышпен ластануы көрсетілген. Топырақтың
мырыш, ванадий
металдарымен 1500 м қашықтықта, марганецпен -3000 м қашықтықта ластануы тіркелді.