Abstract:
Минералдық қышқылдардың қатысында металдарды аминдермен экстракциялау үрдісі жүргізілді жəне оған қышқылдардың табиғаты мен концентрацияларының əсері зерттелді. Экстракциялау үрдісі аниондар алмасу механизмі бойынша жүретіні анықталды. Экстракциялану күкірт қышқылынан тұз
қышқылына жəне соңынан азот қышқылына көшкенде нашарлайтыны табылды. Минералды қышқыл концентрациясының артуы сулы фазада металдың экстракциялануына қатысатын сутек катиондарының құрамы артуымен ілесетіні, яғни металдардың таралу коэффициентінің өсуіне бейімдейтіні,
анықталды.