Abstract:
Қазақстанда өсетін дəрілік өсімдік Arctium lappa жер үсті бөлігінің (жапырақ, сабақ, жеміс) құрамындағы ББЗ-тар анықталды. Оның құрамында илегіш заттар, полифенолдар, клетчатка жəне белок көп мөлшерде болады. 40 жəне 90 % этил спиртіндегі ерітінділерінің химиялық құрамы Agilent 7890A/5975C
хроматомасс спектрометрінде газды хроматографиялық əдіспен анықталды. Жапырағының 90 % этил спиртіндегі ерітіндісінің құрамында ең көп мөлшерде қанықпаған дитерпенді спирт фитол болса, ал сабағының 40 % этил спиртіндегі ерітіндісінің құрамында ең көп мөлшерде май қышқылдары болады.