Abstract:
Мақалада Балқаш қаласының экологиялық жағдайларын зерттеп, сол жерде белгіленген үш пост арқылы ауа құрамына шығарылатын ластаушы заттардың қоршаған ортаға, адам ағзаларына тигізетін əсерлерін зерттеу нəтижесіндегі көрсеткіштері берілген. Зерттеулердi орындау Балқаш агломерациясы қоршаған ортасының ластану себептерін талдауға, атмосфераға, топыраққа жəне өсімдікке ықпалын бағалау үшін ландшафтқа техногендік əсердің аумалы жүктемесі деңгейін анықтауға, өнеркəсіптік аумақтардағы ландшафтың экологиялық жағдайына сапалық жəне сандық бағасы бойынша кешенді зерттеу жүргізуге мүмкiндiк бердi. Балқаш қаласының урболандшафттық (топырақ жəне өсімдік) жайкүйін экологиялық, геохимиялық тұрғыда кешенді бағалау жəне мақсатты тұрақты əрекет етуші экологиялық модельдерді жасау негізінде оларды жүзеге асыру бойынша практикалық ұсыныстар беруге мүмкіндік жасайды