Abstract:
Мақаланың мақсаты дене жүктемесі кезіндегі микроэлементтердің алмасуын жəне оның бұлшықет қызметінің ширығуы барысында ағзаның бейімделуге əсерін зерттеу болып табылады. Эксперименталды зерттеу барысында алынған мəліметтер бұлшықет қызметіне шұғыл жəне ұзақ мерзімді бейімделу сатыларында ағзадағы микроэлементтер алмасуының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы тағам өнімі арқылы жұмыс істеу қабілеті жоғарылайтындығы байқалғандықтан, түзету ретінде «Адапт-Рестор» тағам өнімі ұсынылды