Abstract:
Кластер жоғары жылдамдықты байланыс арналарымен өзара біріккен компьютерлер (түйіндер)
жиыны болып табылады, ал арнайы бағдарламаның қамтамасыз етілуі түйіндердің параллельді
жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі қуатты кластерлер бірнеше мыңдаған
процессорлық элементтерден тұрады. Дегенмен қазіргі таңда кластер жүйелерін қолдану тиімділігі,
бағдарламамен қамтамасыз етілуімен қатар (тілдері, технологиясы жəне параллель бағдарламалаудың
аспапты ортасы), параллель есептеуді ұйымдастыру мен олардың тиімді орындалуы сияқты
шешілмеген мəселелерге келіп тіреледі. Сондықтан кластерде параллель есептеулерді тиімді
ұйымдастыру, олардың шекті мүмкіндіктерін мен нақты күрделі есепте осал жерлерін анықтау
мəселесі өзекті болып тұр.