Abstract:
Мақалада «діни секта», «экстремизм» жəне «терроризм» ұғымдары əлеуметтік-философия
тұрғысынан анықталды. Секталардың даму жолдары жəне адамдарды арбау механизмдері жан-жақты
ашылды. Діни секталар, экстремистік ұйымдар террористік лаңкестікке жол ашатындығы
қарастырылды. Сондықтан діни секталар жай қарапайым топ емес, күрделі иерархиялық құрылымы
бар ұйым екендігі баяндалды. Автор оларды қауіпсіздік жəне деструктивтік тұрғыда екі топқа бөлді.
Жəне діни секталарға сипаттама беру арқылы алғышарттарын қарастырды. Діни экстремизм,
қоғамдық жат құбылыс сияқты, өзіндік себебі мен заңдылықтары бар. Оны кездейсоқ құбылысқа
жатқызуға болмайды. Осыған орай, автор бар болған шындықпен емес, оның пайда болған
алғышарттарымен күрес жүргізу керектігін баса айтады. Дəл осы əдістің нəтижесі көп кешіктірмей
өзінің жемісін берді. Экстремизмнің жат құбылыс ретіндегі себебін іздеу, өз алдына, онымен күрес
жүргізу құралдарына алып келеді. Бірақ қандайда құбылыс болмасын, ол тек бір ғана факторға
негізделмейді. Яғни, əр жеке құбылыстардың себебі қатып қалған жалғыз, абсолют емес. Ол діни
экстремизмге де қатысты мəселе. Сол себепті автор «діни сектаны» экстремистік идеялардың пайда
болу ошақтарының бірі ретінде қарастырады. Оның себептері əртүрлі. Адам əлеуметтік пенде
болғандықтан, көпқырлы. Мəселен, діннің мəні жəне мақсаты туралы толық түсініктің (білімнің)
болмауы дінге деген радикалдық қатынасты тудырады. Діни экстремизмнің пайда болу себептерінің
бірі, діннің қай түрі болмасын (буддизм, христиан, ислам т.б.), діни сауатсыздық. Адамдардың діни
сауатсыздықтарын жақсы пайдалана білген «дін басшылары» оларды сектаға кіруге итермелейді.
Нағыз ақиқат сол жерде деген ұғым қалыптастыруға тырысады. Автор мақалада діни ұйымдардың
барлығын сектаға жатқызбайды, керісінше, «діни сектаның» жұмыс істеу тетігіне сипат беру арқылы
оның басқа діни ұйымдардан айырмашылығын ашып көрсетеді.