Abstract:
Физика-химиялық талдау əдістерін қолдану арқылы Нұралы кеніші мұнайының физика-химиялық
қасиеттері, шығу тегі (пристанның фитанға қатынасы арқылы) жəне фракциялық құрамы зерттелді.
Хромато-масс-спектрометрия əдісімен мұнайдың толық құрамы анықталып, ондағы қосылыстардың
мөлшері ішкі нормализация тəсілімен есептелді. Масс-спектрлердің кітапханасы ретінде NIST-08
базасы қолданылды. Алынған хроматограммадағы 2,6,10,14-тетраметилпентадеканның 2,6,10,14-
тетраметилгексадеканға қатынасы арқылы зерттелген мұнайдың шығу тегі табылды. Зерттелген мұнай
шығу тегі бойынша жағалауға жақын теңіз табанында түзілген. Мұнай жəне одан алынған өнімдердің
фракциялық құрамы имитациялық дистилляция əдісі арқылы зерттелді. Алынған өнімдердің жану
жылулары жəне мұнайдан алынған бензиннің октан саны анықталды. Зерттеу нəтижесінде алынған
нəтижелер мұнайды өңдеуде қолданыс табуы мүмкін.