Abstract:
Мақала Балқаш қаласындағы су ортасы ластануының балалар ағзасына əсерін анықтауға арналған. Балалардың денсаулық жағдайына Балқаш көлі мен Балқаш қаласының ауыз суындағы кездесетін ауыр металдардың əсер ету мəселелері қарастырылған. Су құрамындағы ауыр металдардың бірқатар спецификалық ерекшеліктеріне əсері мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларда ойлау үрдісі, мəліметтерді қабылдау жəне өңдеудің төмендеуі, жиі ашулы-психикалық күйге түсуі жəне т.б. ауытқулар байқалған. Көрсетiлген нəтижелер бала ағзасының «қиын» бейімделуіне байланысты денсаулығын сақтау, жұмыс қабілеттілігін жоғарылату, ауру-сырқауды төмендету нысаналарын көздейтін шараларды өткізуге бастапқы материал болып табылады