Abstract:
Мақалада жаңа инновациялық технологияда оқитын оқушылардың денсаулығында кездесетін ақаулар
қарастырылған. Оқыту процесінде оқушылардың денсаулығына кері əсер ететін факторлар көптеп
ұшырасады. Оқытудың эксперименталды түрлерінің оқушы ағзасына, денсаулығына əсері, оқытудың
жағдайы ойдың, эмоциялық жəне физикалық жүктеменің қосындысы — осылардың барлығы
оқушылардың денсаулығына кері əсер ететін факторлар. Сол факторларға қозғалудың аздығын, таза
ауада белсенді демалудың кемуі, ой жүктеменің артуы күшті күйзелістік фактор болып табылады,
яғни оқушылар ағзасының гемодинамикасының, қан айналым жүйесінің функционалдық қорының,
бейімделу қабілеттерінің төмендеуіне жəне вегетативтік дисфункциясына əкеліп соғады.