Abstract:
Мақала авторлары Ақжан Машановтың тоталитарлық режим жағдайындағы қоғамдық-ғылыми
қызметіне объективті баға беруге тырысты. Қиын уақытқа қарамастан, туған халқының болашағы
үшін күрескен, көрнекті қазақ ғалымының қызметіне тарихи баға берді. Ақжан Машанов кеңестік
Қазақстанда өмір сүріп, тоталитарлық қоғамның күші шырқау шегіне жетіп тұрған уақыттың өзінде де
еліміздің маңызды қоғамдық-саяси мəселелеріне келгенде болып жатқан оқиғаларға сергек қарап,
өзінің көзқарасын батыл қорғай білген. Қарастырылып отырған дəуірде қазақ халқының тарихы мен
мəдениеті жаттанды идеологиялық құрсауда болды. Ақжан Машанов өз басын қатерге тігіп,
əл Фарабидің шыққан тегін зерттеп, туып өскен жері бүгінгі қазақ жері екенін дəлелдеп, оның
мұраларын түгендеп жүрген уақытта, ұлттық құндылықтан гөрі кеңестік идеология көбірек
насихатталған. Ақжан Машанов əл Фарабиді кіндік қаны тамған топырағына жеткізді. Ол өзінің қазақ
халқын ерекше сүйді, өз халқына еңбек сіңіру оның ең басты ұстанымы болды. Əл Фарабиді ашудың
қиындығына қарамай, бел бууы, ұрпағымен табыстыруы — осының дəлелі. Мақала авторлары Ақжан
Машановтың өз заманының қатал тəртібіне, тоталитарлық режимнің зобалаң сипатына қарамастан,
туындалған қиыншылықтардан қорықпай, өз халқының болашағы үшін өз өмірін тағдыр тəлкегіне
салып, аянбай тер төккенін жан-жақты зерттеді. Сондықтан ғалымның қоғамдық қызметіне объективті
түрде баға беру бүгінгі күндегі тарих ғылымының алдындағы өз орны бар маңызды міндеттерінің бірі
деп қорытындылайды.