Abstract:
Бүгінгі таңда аскаридоздың клиникалық сипаты жақсы меңгерілген. Алайда соңғы онжылдық ғаламдық экологиялық өзгерістермен айрықша маңызды, ол клиникалық-эпидемиологиялық сипатқа əсер етті. Дəрі-дəрмек препараттарын, оның ішінде бактерияға қарсы, иммунотроптық бақылаусыз пайдалану жəне басқа да факторлардың əсер етуі аскаридоздың клиникалық сипатын қосымша зерттеуді талап етті. Жүкті əйелдерде гельминтозды инвазияның дамуы кезінде иммунжетіспеушіліктің сипаттары, баланың гипоксияға жəне гипотрофияға шалдығу қатері жоғары. Гельминтоздың патогенезінде антигендік өнімдермен ағзаның сенсибилизациялануымен жылдам, бəсең жəне иммунокешендік типтерінің аллергиялық реакцияларының қалыптасуы ерекше орынға ие