Abstract:
Қазақстан флорасында өсетін өсімдік əлемінің жүзге жуығы алкалоидты өсімдіктерді құрайды. Жер шарында кең тараған Ranunculaceae (Лютиковые) тұқымдасына жататын Thalictrum (Василистник) туысының аталмыш түрлері халық медицинасында пайдалануымен қатар, дəрілік қасиеттері өте жоғары. Мақалада Қарқаралы аймағында гүлдеу фазасында жиналып алынған Сасық маралоты (Thalictrum foetidum L.) өсімдігінің жерүсті бөлігі зерттелді. Thalictrum foetidum өсімдігінің жерүсті бөлігінен хлороформды шаймалау арқылы экстрактивті заттар алынды