Abstract:
Мақалада импульс пен энергияның сақталу заңдары негізінде қатты емес жəне қатты денелердің
соқтығысуы қарастырылды. Центрлік масса жүйесінде қатты соқтығысуды зерттеудің техникасы
көрсетілген. Энергия мен импульстің сақталу заңдары əрекет етуші күштердің белгісіз болған
жағдайда да, сондай-ақ əр түрлі физикалық шамалардың арасындағы қатынасты оңай табуға
мүмкіндік береді. Денелердің суммалық кинетикалық байланыс энергиясы да соқтығысу кезінде
импульс ретінде сақталады, денелер байланыстан кейін бірдей жылдамдықпен қозғалады, олардың
импульсі сақталады, бірақ суммалық кинетикалық энергиясы кемиді де ішкі энергияға өтеді. Егер
соқтығысу центрлік болса, онда барлық жағдайда есептің толығымен математикалық шешімі болады.