Abstract:
Мақалада сулы-көмірлі сұйық отынды жағу кезіндегі отынның жану үрдісі барысының зерттеу
нəтижелері ұсынылған. Зерттеу объектісі ретінде Шұбаркөл кен орнының көмірі мен одан алынған
сулы-көмірлі сұйық отын қарастырылды. Отынның жану температурасының газдың жану
температурасына тəуелділігі келтірілді. Жану пəрменділігін анықтау үшін өлшегіш аспап көмегімен
сұйық отынның жану температурасы анықталды. Оңтайлы реагент-пластификаторды сулы-көмірлі
сұйық отындағы үлестік құрамы анықталды — көмір:пластификатор:су = 60:1:39 %. Алынған сулы-
көмірлі отынды жағу процесін зерттеу үшін эксперименталдық қоңдырғы жасалды.