Abstract:
Мақалада анодталған алюминийдің кеуегінде орналасқан бояғыштар молекулаларының
флуоресценттік қасиетін зерттеу үшін цилиндрлік кеуектің жоғары ретті жүйесінен алюминий
оксидінің матрицасы алынды. Анодталған алюминий кеуегіне енгізілген родамин 6Ж молекуласының
спектрлік-люминесценттік сипаттамасына зерттеу жүргізілді. Нəтижелер родамин 6Ж молекуласы
енгізілген алюминийдің кеуекті оксидінің қабыршағының люминесценттік сипаттамасы кеуектегі
молекула концентрациясына тəуелді екендігін көрсетті. Люминофор флуоресценциясының
қарқындылығы максималды мəнге ие қабыршақтағы молекуланың критикалық концентрациясы
анықталды. Қабыршақтағы бояғыш молекуласының флуоресценция спектрлерінің үлгісі қабыршақ-
тағы молекуланың концентрациясы өсуімен еш өзгеріске ұшырамайды.