Abstract:
Ресейдің энергетикалық саласы негізгі өндірістік қорлардың біршама тозуымен сипатталады.
Олардың біраз бөлігі нормативті жұмыс мерзімін орындап шықты, ол өз кезегінде жөндеу жұмыстарға
кететін қаражатты ұлғайтады жəне оларды басқаруға қажеттілік тудырады. Мақалада негізгі
құрылғының капиталды жəне орташа жөндеуіне кететін шығын көлемін жоспарлау мақсатымен жылу
станцияларында жөндеуді жəне қалпына келтіру процесін басқару модельдері келтірілген. Олардың
пайдалану тиімділігіне байланысты əрқайсысының қолданбалы облыстары көрсетілген. Жөндеу
шығынның анық емес өлшеу интервалы негізіндегі модель толық қарастырылған. Осы модель шешім
қабылдау облысын бірнеше нұсқасы бар шешімді қабылдаушыға ең тиімдіні таңдау қағидаты
бойынша локалдауға мүмкіндік береді. Мысал ретінде Новосібір қаласындағы ЖЭС-4 негізгі
құрылғыларының орташа жəне капиталды жөндеуге кететін қаражатты анықтау бойынша нəтиже
келтірілген.