Abstract:
Мақала ашық кеңістікте жел ағынын тудыратын қондырғының аэродинамикалық параметрлерін
зерттеуге арналған. Ауа винтінің үлгісінен 10 см-ден 130 см-ге дейінгі ара қашықтықтағы ағын
жылдамдықтары мен айналу саны өзгерген кездегі жылдамдықты анықтау бойынша жүргізілген
эксперименталдық зерттеулердің нəтижелері келтірілген. Эксперименталды түрде ауа винтінен
тараған ағыншадағы y=+10 см, y=-10 см болғандағы жылдамдықтар ара қашықтық ұзарған сайын
төмендеуі, ал ауа винтінен тараған ағыншадағы остік жылдамдық өсуі анықталды.