Abstract:
Мақала электромагниттік көтергіш қондырғы жүйесінің элементтерін модельдеуге арналған.
Электромагниттік көтергіш қондырғының жұмыс істеу принциптері көрсетілген, сонымен бірге
«скип–электромагнит» жүйесінің имитациялық 3-D модельдеуі жасалған. Тұрақты магниттер жəне
электромагниттер скипте жəне бағыттауыш құрылғыларда орналасқан. Модельдеу элементтері əр
кезеңде суреттермен бейнеленеді. 3-D модельдеу нəтижесінде жұмыста өзекшенің үш элементіне
талдау жасалып, олардың салыстырма диаграммасы құрастырылған.