Abstract:
Гидротазалау үдерісінде тура айдалған бензин фракциясының құрамындағы күкірт мөлшерін азайтуға
Ni қаңқалы катализаторын ультрадыбыспен өңдеу əсері зерттелді. Ультрадыбыс əдісімен гидро-
тазалау үдерісінің катализаторын белсендіру əдісі ұсынылды. Қаңқалы катализаторды ультрадыбысты
белсендіру гидротазалау өнімдерінің сапасына əсер еткендігі көрсетілді. Ультрадыбыспен өңделген
катализаторды қолданғаннан кейін, бензин фракциясындағы күкірт мөлшері 48 %-ға азайды. Бензин
фракциясының эксплуатациялық қасиеттері жақсарғаны байқалды.