Abstract:
Бұл мақалада қазіргі таңдағы өзекті мəселелердің бірі, экстрокорпоральді ұрықтандыру (ЭКҰ)
нəтижесінде
«түтікшелік нəресте» дүниеге келуі қосалқы репродуктивті технологиялардың қолданылу аясы туралы
сипатталған. Елімізде белең алып бара жатқан бедеулік мəселесі əйел мен ер адамдар арасындағы жыл
сайын əр түрлі патологиялық аурулардың артуы анықталған. Демек, ЭКҰ арқылы егіздердің ата-анасы
болу, сонымен қатар көп ұрықты жүктіліктің нəтижелі болуы , оның жүзеге асуы, дамуы жүзеге асып
отыр. Сонымен қатар көпұрықты ұрықтандыру нəтижесіндегі егіздердің даму сипаттамасы мен
ерекшеліктері негізге алынған. Жасанды жолмен ұрықтандыру мен табиғи жолмен дүниеге келетін
егіздерді салыстырғанда, əдеби шолу
көздеріне жүгініп, денсаулығы жағынан біршама жоғарғы көрсеткіштерімен ерекшеленетіні көрсетілген.