Abstract:
Мақалада оқу үдерісін ақпараттандыру мəселесі қарастырылды. Қазіргі таңда демонстрациялық
экспериментте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) құралдарын қолдану
мүмкіндіктерін зерттеу өзекті мəселе болып табылады. Демонстрациялық эксперименттерді дəстүрлі
əдіспен салыстырғанда, дамыған АКТ инфрақұрылымында жүзеге асыруда кең мүмкіндіктер алады.
Демонстрациялық экспериментте фото- жəне бейнетехниканы қолдану физикалық демонстра-
цияларды өткізу сапасын айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді. АКТ инфрақұрылымын тиімді
қолдану жиынтықтары оқу үрдісінің барлық құраушыларын мазмұны, оқыту əдісі жəне тəсілі
бойынша түрлендіреді.