Abstract:
Мақалада оқушыларды Бірыңғай ұлттық тестілеуге (БҰТ) дайындауға кейбір ұсыныстар жасалған.
Бірінші бөлігінде математикалық есептеулерді жылдам шығару тəсілдері көрсетілген. Сонымен бірге
векторлық алгебра элементтері мен тригонометриялық функциялармен жұмыс жасау жолдары
көрсетілген. Екінші бөлігі физикалық шамалардың бірліктер жүйесіне арналған, ол келтірілген
берілгендер арқылы белгісіз шамаларды анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай дағдыларының
қалыптасуы, оқушылардың тестілеу барысында уақытын үнемдеуге көмегін тигізеді, сондай-ақ есепті
шығару барысында əдісін оңтайлантыруға ықпалын тигізеді.