Abstract:
Мақалада қазіргі уақытта білімнің тұрақты даму жолының тиімділігін анықтауда өзекті мəселеге
айналып отырған оқытудың сапасын жақсарту үшін қалыптастырушы бағалау жүйесі жөніндегі
түсінік қарастырылған. Оқытудың жемісін бағалау тəсілін — Блумның жүйелеу əдісі əмбебап болып
табылады жəне ол орта жəне жоғары мектептерде түрлі пəндерде табысты қолданылуы мүмкін деп
көрсетілген. Мысал ретінде «Дарын» мектебінде оқытылатын химия сабағында Блум таксономиясы
бойынша құрылған деңгейлік тапсырмалар ұсынылып отыр, онда 12 балдық жүйемен оқушылардың
білім көрсеткіштерін бағалау келтірілген. Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар
оқушының құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған, сондықтан деңгейлі тапсырмаларды орындау
оқушының таңдауына, еркіне беріледі жəне оқушы қандай деңгейді орындаса да, өзінің алатын
бағасын біледі. Сондықтан қазіргі өзгермелі заманда жаңашыл мұғалімнен оқушыға тек қана білім
беріп қоймай, оның танымдық қабілетін арттыру, шығармашылық қырын ашу, өзінің ойын еркін
жеткізе отырып, жаңадан пікір туғызуға баулу, логикалық ойын дамыту талап етіледі.