Abstract:
Органикалық шикізаттың басқа түрлерімен салыстырғанда көмірдің қоры көп болғандықтан, оны
синтетикалық газ тəрізді, сұйық жəне қатты отындар өндірісінде мол шикізат ретінде қарастыруға
болады. Сонымен бірге əр түрлі химиялық заттармен композициондық материалдар алуда манызы өте
зор. Өйткені көмірдің құрамында əр түрлі мақсаттарда қолданылатын дайын өнімдердің бірқатары
бар. Сондықтан көмірді жоғары кəсіби деңгейде қолдану үшін оның химиялық құрамын, құрылымы-
ның физикалық, химиялық, техникалық қасиеттерін білу қажет. Шұбаркөл кен орны көмірдің
жекелеген сапалық сипаттамалары мен күлділік арасындағы тəуелділік мемлекеттік стандарттар
негізінде зерттелді.