Abstract:
Мақалада жиілігі 50 Гц өндірістік айнымалы токпен қорғасын электродын поляризациялау арқылы
оның бейорганикалық қосылыстарын синтездеу тəсілі келтірілген. Қорғасынның электрохимиялық
еруіне ток тығыздығы, электролиздің ұзақтығы, ерітінді концентрациясы, электролит температурасы
жəне айнымалы ток жиілігінің əсері зерттелді. Қорғасын электродының еруінің оңтайлы параметрлері
анықталып, қорғасын нитраты алынды.