Abstract:
Мақалада дара электронның алты эквивалент протонымен магниттік əсерлесу кезінде пайда болатын
бензолдың мультиплеттік құрылымы қарастырылды. Теориялық спектрде пайда болатын сызықтар
саны Паскаль үшбұрышынан шығады. Ондағы сызықтар қарқындылығы Ньютон биномы бойынша
(1+х)n жіктегендегі коэффициенттері Паскаль үшбұрышының элементтеріне сəйкес келетіндігінен
шығады жəне эксперименттік спектрге толық сəйкес келеді.