Abstract:
Жаңғыштықты бəсеңдетуші құрал ретінде фосфонсірке қышқылы зерттелді. Зерттеу нəтижесінде
фосфонсірке қышқылы антипирендердің 2 тобына, яғни қиын тұтанатын ағаштар алуды қамтамасыз
ететін құралдарға жататыны табылды. Фосфонсірке қышқылы ерітіндісінің концентрациясы артқан
сайын өрттен сақтау қасиеті де өсетіні анықталды. Ең жоғары антипирендік қасиет фосфонсірке
қышқылының концентрациясы 30 % болғанда байқалады. Ерітіндінің концентрациясы одан əрі
артқанда массаның жоғалуы тұрақты болады.