Abstract:
Мақалада тəртіп бұзушы жеткіншектердің қылмыстық мінез-құлықтарына баға беріліп, қылмыстық
мінез-құлықты тудыратын механизмдері мен себептері анықталып, жеткіншек жастағылардың
тұлғалық даму ерекшеліктері психологиялық тұрғыдан қарастырылды. Автор жеткіншек жастағы
баланың осы кезеңде қоғамның мүшесі ретінде өзіне деген саналы көзқарасын қалыптастыратын жаңа əлеуметтік позицияға ауысумен ерекшелінетінін атап көрсетті. Қоғамдағы топтар ішінен осы
жеткіншектер көбінесе елдегі əлеуметтік, экономикалық, моральдік тұрақсыздықта көп жапа
шегетініне назар аудара отырып, осы мəселенің психологиялық ерекшеліктерін ашады.